• Ср. Сен 23rd, 2026

Өндірістегі 10 күн

Автор:vkskcomk

Сен 23, 2026

«ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» АКЦИЯСЫ

«ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» АКЦИЯСЫ
«Өндіріс не талап етеді — колледж соны ұйретеді!»
«Оқытамыз ба — өндіріс сұрай ма?»
Осы тақырып аясында «Ветеринария» мамандығының студенттері үшін маңызды әрі мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге «Өскемен қаласының ветеринария қызметі» КМҚ директоры Оразалин Жұмағазы Калибекұлы қатысып, студенттермен ветеринария саласының қазіргі талаптары, маманға қажетті кәсіби дағдылар және өндірістегі жұмыс ерекшеліктері туралы пікір алмасты.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарғын қойып, болашақ мамандығына қатысты құнды ақпарат алды.
Кездесу барысында білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, жұмыс берушілердін, талаптарын оқу үдерісінде ескеру және студенттердің, кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулер студенттердің, теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығының, нақты талаптарын түсінуге мүмкіндік береді.
Болашақ, ветеринар — бүгінгі студент! Колледж бен өндіріс — сапалы маман даярлаудың
берік негізі!

Автор: vkskcomk

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *