[:ru]Тіл-достықтың тірегі[:]

[:ru]

Тіл-достықтың тірегі
«Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген, дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім» —  қыркүйек  айының 20 жұлдызында үш тілділікке байланысты  Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде  Қазақстан Республикасы халықтары Тілдері күні мерекесіне арналған колледж әкімшілігінің қолдауымен, колледж тіл мамандары мен оқытушыларының ұйымдастыруымен өткен мерекелік концерттік кештің эпиграфы осы бір өлең жолдары болды. Кеш барысында Тәуелсіз елімізде  өмір сүріп отырған сан түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен  бірлікті нығайту, Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, заман талабына сай үш тілділік саясатын насихаттау сынды игі мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізілді.  Үштілділік саясаты Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен туындағанын айтқан жөн. Бұл кеште колледждің  бірінші және төртінші курс студенттері өз өнерлерін жан жақты көрсете алды. Концертті үш жүргізуші  қазақ, орыс, ағылшын  тілдерінде  жиналған жұртты айтулы мерекемен салтанатты түрде  құттықтаумен бастады. Бірінші курс студенті Тлеубаева Тлеугүль , Нұрлан Ляйла және тағы да басқа  қыздар тобы қазақтың ұлттық биі «Қамажай» биін билеп, қалықтаған қимылымен, әсем де әсерлі қозғалысымен көрермендердің көңіліне гүл еккендей болды. Қандас бауырларымыздың рухын көтеретін «Жаса қазақ», «Көк тудың желбірегені» атты әуелеген әндер жастарға ерекше дем бергені сөзсіз. Студенттер  тек қазақ тілінде ғана емес орыс , ағылшын , украин  тілдерінде де ән салды, мәнерлеп өлеңдер оқыды, би биледі, өзбекше билеген қыздар тобының өнеріне көрермендер дән риза болды.    Екінші курс студенті Павлова Ульянаның  ағылшын тілінде, Ермеков Жасұлан мен Нұрғисаның қазақ, орыс тілдерінде шырқаған әндері өнер деп сусаған жандардың сусынын қандырғандай. Кештің соңын жүргізушілер  тағы да үш тілде  М.  Жұмабаев ағамыздың  «Тіл-адам жанының тілмәші, тіл кем болса адамның кем болғаны» деген өсиетінен шығара,  тіл байлығымыз, тіл-тарихымыз, тіл- мәдениетіміз,тіл — біздің ұлттық намысымыз, арымыз деген қанатты сөздермен аяқтады.
 
Науканова Алма
қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің оқытушысы[:]

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *