Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясының шеңберінде 2014 жылдан бері «Серпін – 2050: Мәңгілік ел жастары — индустрияға» атты әлеуметтік жоба жұмыс жасайды.
Жобанның басты мақсаты – еңбек ресурстарының мол артықшылығы орын алып отырған республиканың оңтүстік өңірінің жастарын еңбек ресурстарына сұраныс көп шығыс, батыс және солтүстік аймақтарда білім алуға жағдай жасап, кейін сол жерлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігін жасау.
2019 жылдың 5 сәуір күні осы «Серпін-2050» бағдарламасының аясында ШҚО Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылығы колледжінде» «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Шығыс Қазақстан облыстық білім Басқармасының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеге жаздың маусым айында колледжді тәмамдайтын биылғы жылдың түлектері қатысты.
-«Серпін-2050» — жарқын болашақтың жобасы. Бұл оңтүстік өңірдің мыңдаған жас өрендеріне солтүстік, батыс, шығыс Қазақстанның колледждері мен ЖОО-нда сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Жоба бойынша білім гранттарына ие болған студенттерге жатақхана беріледі және оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру қарастырылған.-деді жәрмеңкеге жиналған көпшілік алдында сөз алған Шығыс Қазақстан облыстық білім Басқармасы басшысының орынбасары Қ. Оспанғалиев.
Аталмыш шараға Шығыс Қазақстан облыстық білім Басқармасы басшысының орынбасарынан басқа Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Лязиза Кенжетаева, ШҚО «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» басшысы Ерболат Ошақпаев, ШҚО «Ветеринария басқармасы» басшысының орынбасары Ертай Батхолдин қатысты.
Осы «Серпін-2050» бағдарламасының аясында білім алып, қазіргі таңда облыстың аудандарында еңбек етіп жатқан Амренова Алмагүл мен колледждің түлегі Қуаныш Нұрсұлтан да көп алдында сөз сөйледі.
«Бос орындар жәрмеңкесінде» «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылығы колледжінің» 21 студентімен үш жақты келісімге қол қойылды.
Атап айтсақ, КМҚ «Ұлан мал дәрігерлері» директоры Жұмағазы Оразалинмен колледж түлегі «Мені шыңдаған Серпін» республикалық кәсіби шеберлік байқауының «Ветеринария» мамандығы бойынша ІІ орын иегері, «World skills Kazahstan — 2019» аймақтық чемпионатының «Үздік терапевт» номинациясының иегері Төребек Бекболат, сонымен қатар Қуанышбек Ержан, Скаков Арман, Төрехан Айсұлу және Шерехан Дәмегүл келісімшарт жасасты.
Өскемен қаласындағы «Зоовита» кәсіпорнының директоры Виктория Тайбазарова «World skills Kazahstan — 2019» өңірлік чемпионатында он алты облыс ішінде жоғары оқу орындарымен сайыста ерекше өнер көрсетіп «Ветеринария» құзіреттілігі бойынша І орын иеленген Асқарбек Тоғжан, Бисали Бағлан, Жайшылықова Назеркемен келісімшартқа отырды.
КМҚ «Күршім мал дәрігерлері» мекемесінің басшысы Қайрат Ибраевпен Әшіралиева Ақбілек, Сейітхан Бексейіт, Тасқожа Самғат, Ысқақ Досжан келісімшарт жасасты.
КМҚ «Жарма аудандық мал дәрігерлік қызметі» мекемесінің басшысы Амангелді Мусанбаевпен Жаңабай Еркебұлан, Нысанбаева Әйгерім, Сағынтаева Ұлжан келісімшарт жасасты.
КМҚ «Зырян мал дәрігерлері» мекемесінің басшысы Бөстеков Алғожамен Әбди Меруерт және Сайраубек Дидар келісімшартқа отырды.
«Опытное хозяйство масленичных культур» ЖШС бастығы Атаханов Мәуленмен Жақияева Жауқазын мен Серікбайқызы Арайлым келісімшарт жасасты.
КМҚ «Бородулиха мал дәрігерлік қызметі» мекемесінің басшысы Тамара Бутцкихпен Әмзе Айдана келісімшартқа отырды.
КМҚ «Бесқарағай аудандық мал дәрігерлік қызметі» мекемесінің басшысы Мұрат Сәдібековпен Сәйпен Нұрболат келісімшартқа отырды.
Аталмыш «Серпін-2050» бағдарламасының шарасына серпін берген Семей қаласындағы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледждің студенттері болды. Олар шырқаған «Қазақстаным», «Бізбен бірге» және «Пай-пай» әндері кештің сәнін келтіріп, көрігін қыздырды.
Міне, кадр тапшылығын туындатқан осындай мәселелерді шешу үшін индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға, жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты мәселелер шешімін тауып, жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар даярлауда ел болашағына оң әсерін береді деп күтілуде.