Механизация және Агрономия ПКК онкүндігі аясында ашық сабақтар өтуде

 04.03.2021 ж   Механизация және Агрономия  ПКК онкүндігі аясында Агрономия мамандығы бойынша Өсімдікті қорғау пәнінен         « Пестицидтердің жіктелуі» тақырыбында ашық сабақ  өтті.

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Пестицидтердің топтары мен жіктелуін зерттеу. Қоршаған ортаға тигізетін әсерін тусіндіру. Дамытушылық: Логикалық ойлауды дамытуға ықпал ету. Химиялық қорғау әдістерін  таңдаудың маңыздылығын түсіндіре білу. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға тәбиелеу. Алынған білімді практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру. Сабақтың түрі. Аралас сабақ  1.«Пестицидтердің қоршаған ортаға әсері» бейне жазба көрсетілді.  2.Пестицидтерді қолданудағы артықшылығы мен кемшілігін сипаттап жазып, постер арқылы қорғау жұмыстары жүргізілді. «Пестицид» сөзіне құралған,  жаңа  тақырып  бойынша крассвордты шешті. Білім алушылардың қызығушылығы мен жұмыспен қамтылуы 100% құрады. Келесі оқушылар сабақта тапсырмаларды орындауға белсенді қатысты: Бірлес Ризабек, Есенжол Тойлыбай, Жандарбекұлы Мұхамеджан, Тұрарбеков Әділ, Забиякин Сергей, Ақпар Ересет.


Оқытушы: Қалиолдаев Д.Е

02.03.2021 ж   Механизация және Агрономия  ПКК онкүндігі аясында Агрономия мамандығы бойынша Тұқым шаруашылығының негіздері пәнінен « Селекцияның негізгі әдістері» тақырыбында  ашық сабақ  өтті.

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Адам баласына қажетті мол өнім беретін, суыққа, ауруға төзімді өсімдік туралы  және сапасын жақсарту туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Студенттердің ерікті түрде зейін қоюын дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 1.«Селекцияның негізгі әдістері» туралы  бейне жазба көрсетілді.

2.Түсіндіру, әңгімелеу және бейне материал көрсету .Селекция ғылымы және негізгі әдістері

Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы ілімі

Селекцияның заманауи жетістіктері

1.Селекцияның неізгі әдістері: Саналы сұрыптау, будандастыру әдісі. Полиплоидия және мутациялық селекция .Студенттер постер қорғады. Білім алушылардың қызығушылығы мен жұмыспен қамтылуы 100% құрады. Келесі оқушылар сабақта тапсырмаларды орындауға белсенді қатысты: Бірлес Ризабек, Есенжол Тойлыбай, Жандарбекұлы Мұхамеджан, Тұрарбеков Әділ, Забиякин Сергей, Ақпар Ересет, Матешко Николай

.


Оқытушы: Қалиолдаева Қ.М

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *