2019 жылдың 5 наурыз күні Саратовка аулыгдағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» мен Ұлан аудандық Ішкі істер полициясының Кәмелеттік жасқа толмағандар бөлімінің қызметкерлері бірігіп «Жастар жылына» орайластырып суицидтің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде бұқаралық шара өткізді.
Шараға ұйытқы болған аудандық полицияның Кәмелеттік жасқа толмағандар бөлімінің бастығы полиция капитаны Наира Елемесова:
-Суицидтің алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқару керек. Яғни, ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалу қажет: жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер, әңгімелесулер, сұхбаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс.-деді жастармен сырласу үстінде.
Сонымен қатар, осы шараға аудандағы мемлекеттік емес «Феникс» орталығының психологы Назгүл Маташқызы қатысып, көпшілік алдында тұщымды әңгіме қозғады.
-Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық ауырулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді. Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттеп тұтастай алғанда көп жағдайларды жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселерлеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық,жаны жараланғыш,жалғыздық сезімнен,өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады.-деді орталық психологы Назгүл Маташқызы
Бүкіл дүниежүзі көтерген мәселе өз-өзіне қол жұмсау. Әсіресе, жасөспірімдер, кәмелетке толмағандар арсасында. Бұндай жағдайда бір ғана адамның бақылауымен ештене шықпауы мүмкін, бұл мәселеде қоғам болып ат салысуымыз керек. Оның әртүрлі себептері болуы мүмкін. Бұл үшін педагог-психолог мамандарды көбейту керек.-деді колледж мұғалімдері арасынан пікір білідірген психолог маман Айнұр Ахметова.
Қай жағынан қарасақ та бұл – стресс өткінші. Дін жағынан қарасақ та, Алланың берген өміріне мүлік сияқты қарауға болмайды. Алла тағала дене бітімді қандай әдемі, тап-таза етіп жаратса,солай аманатқа қиянат жасауға болмайды деген бақуатты ойлармен жиналысты тәмамдаған мамандар, соңынан қойылған жастардың сұрақтарына да жауап берді.